Геннадий Головкин Италиядағы боксшыларымызға қолдау көрсетуге барды
instagram.com/gggboxing
Кеше шаршы алаңға шыққан үш боксшының біреуі жарыс жолынан шығып қалды.
66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Богданова турнирдің екінші кезеңінде польшалық Анета Ригельскаға есе жіберді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ұлттық олимпиада комитеті ақпаратына сүйенсек, 75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Валентина Хальзова түркиялық Бусра Исилдарды жеңсе, 92 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Айбек эквадорлық Кастилло Торресті жеңді.
Айта кетейік, кеше Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсициоға (Италия) келді.
Аталған сында 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынауда.
ҰОК басшысы шешуші жекпе-жектер кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары.