KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

сурет: olympic.kz

28.02.2024, 09:05 158 Оразай Жеңісұлы

Даңқты кәсіпқой боксшы, 2004 жылғы Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Шешім ҰОК бас ассамблеясының отырысында қабылданды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты. 

Бұл қызметті осы уақытқа дейін Тимур Құлыбаев атқарып келді.

ҚР ҰОК Бас ассамблеясының отырысына олимпиадалық спорт түрлері бойынша 35 ұлттық спорт федерациясының өкілдері мен ұйымның спортшылар комиссиясынан 2 өкіл қатысты.

34 қатысушы Геннадий Головкиннің кандидатурасын қолдады, екеуі қалыс қалды.

«Жаңа лауазымда еліміздің атынан әрекет ету - мен үшін зор мәртебе. Маған Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетін басқаруды ұсынғанда, қазақстандық спортты дамытуға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берсе ғана, кандидатурамды ұсынатынымды айттым. 
Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Өз әрекетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін. Біздің алдымызда тұрған ең маңызды міндеттердің бірі - халықаралық қарым-қатынасты реттеу деп білемін. 
Осы орайда, менің өз көзқарасым, жылдар бойы жиналған халықаралық тәжірибем барын, команда барын айтқым келеді. Ал ең бастысы және менің көптен бергі қалауым – бұл барлығын да өзімнің туған елімде жүзеге асыру», - деді қызметке кірісіп жатқан Геннадий Головкин.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу