Астанада киіз үй тігуден шеберлік сағаты өтті
Фото: pixabay
Астанада киіз үй тігуден шеберлік сағаты өтті. Этнограф мамандар жиналғандарға киіз үй тігудің дұрыс техникасы мен ерекшеліктерін айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық дәстүрді ұлықтайтын шараға қатысқандардың қарасы көп. Әсіресе, оқушылар мен студенттер қызығушылық танытуда.
Сондай-ақ, мамандар әр заттың мән мағынасы мен тарихына тереңінен тоқталды. Ұйымдастырушылар игі шара республика көлемінде жалғасы табады деп отыр.
- Уық қалай шаншылады? Кереге қалай керіледі? Есікті қалай таңып байлаймыз? Үзікті, жабдықты, туырлықты қалай? Осыны біздің балалар кітаптан көріп жүргені болмаса, өмірде көрмеген. Сондықтан алғаш рет шеберлік сыныбын өткіздік. Ұлтымызға қызмет ету үшін, адал болу үшін біз жастарымызға, балаларымызға жұмыс істеуіміз керек, - дейді Түркі академиясының ғылыми сарапшысы Ақеділ Тойшанұлы.
Оқи отырыңыз