KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
527.3 544.86 4.95

ШҚО-да ауа сапасын бағалайтын жоба әзірленеді

Фото: instagram.com/gylym_jogarybilim/

28.03.2024, 12:18 149 Мадина Амангелдіқызы

Шығыста ауа сапасын бағалауға арналған инновациялық жоба әзірленіп жатыр. SAAS-сервис жобасының авторы - С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, т.ғ.к. Мұратқан Мадияров.

Аталмыш ғылыми жобаның елімізде баламасы жоқ екен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жоба бөлшек-стохастикалық теңдеулер негізінде жер бедерін ескере отырып, атмосферадағы зиянды заттар қоспаларының таралуын зерттеуге арналған. Бұл ластану және олардың ауадағы концентрациясы туралы мәліметтері бар заманауи ақпараттық база. Базаны пайдаланушылар интерактивті картографиялық веб-интерфейсте және мобильді қосымшада қажет ақпаратты біле алады.

- Қазақстанда адам денсаулығына кері әсер ететін атмосфераға шығарылған лас заттардың жоғары көлемі сақталуда. Біздің сервистің арқасында экологиялық қауіпсіздік саласындағы мамандар қалалардағы ауа сапасын болжап, халықты дер уақытта хабардар ете алады, - дейді Мұратқан Мадияров.

Сонымен қатар жоба ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен көліктер шығаратын зиянды заттардың мониторингін де ұсынады.

- Зерттеуімізде математикалық модельдеу әдістерін, соңғы элементтер әдісін, параллельді есептеулер теориясы т.б. қолданамыз. Бұл ғылыми жобаның біздің елімізде баламасы жоқ, - дейді ғалым.

Бүгінгі таңда ЖОО зерттеушілері негізгі маркерлік заттар бойынша атмосфералық ауаның ахуал базасын құрды. Болашақта зиянды қоспалардың шашырау заңдылықтарын бағалау және болжау жоспарланып отыр.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу