KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Қос азаматтығы бар 500-ден астам адам анықталды

сурет ашық дереккөзден алынды

6.10.2023, 11:16 279 Оразай Жеңісұлы

Биыл Қазақстанда қос азаматтығы бар 500-ден аса адам анықталды. Бұл туралы ішкі істер министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Конституцияда қос азаматтыққа тыйым салынған. Барлық елдегі әріптестерімізбен бірге осы бағытта жұмыс істейміз. Былтыр 800-ден аса дерек тіркелді. Биыл осындай 500-ден аса жағдай анықталды. Бұл адамдардың бәрі Қытай азаматы емес. Негізінен бұл бұрынғы ТМД елдерінің азаматтары: Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстан», - деді ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенат кулуарында.

Министрдің орынбасары қос азаматтығы бар адамдар арасында жауапты басшылар болғанын да жеткізді.

«Рас, кезінде біз аудандық мәслихат, аудандық деңгейдегі шенеуніктерді анықтаған жағдайлар болды. Біз ақпаратты тиісті жерге жібердік. Биыл ондай резонанс тудыратын деректер болмады», - деді министрдің орынбасары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив