KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 2 м/с, В
526.81 542.72 5.16

Жаңа ипотекалық бағдарлама 1 мамырдан басталады

Фото: depositphotos.com

2.04.2024, 15:14 165 Ержан Әбіш

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бүгін өткен Үкімет брифингінде жаңа ипотекалық бағдарлама қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жаңа ипотекалық бағдарлама ағымдағы жылдың 1 мамырынан басталады.

– Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Отбасы Банкі» қазіргі уақытта 300 миллиард теңге тартуда. Бұл – бағдарламаның жалпы көлемі. Халықтың әлеуметтік осал топтарының мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайды. 1 мамырда біз бағдарламаның барлық шарттарын толық жариялаймыз, – деді Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

2024 жылғы 15 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды ұсынған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу