Жаңа ипотекалық бағдарламаға кімдер қатыса алады?
Фото: egemen.kz
Бүгін Үкімет отырысында Президент тапсырмасы бойынша қолға алынатын жаңа ипотекаға қатысты негізгі мәліметтер айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа бағдарламаға:
*жұмыс істейтін жастар;
*жас отбасылар;
*тұрғын үй төлемдерін алушылар;
*банк салымшылары;
*моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады.
Бірінші жылы жаңа бағдарлама есебінен қосымша 12 мың мұқтаж отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жалпы биыл рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл бұрынғы жоспарланған жылдық көрсеткіштен 2,5 млн шаршы метрге артық.
Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда ауыл мен аудан халқына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алуды тапсырған болатын.