KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Ұлттық банк алаяқтардың жаңа айласы пайда болғанын ескертті

Фото: gov.kz

4.04.2024, 17:52 61 Ержан Әбіш

Қазақстан ұлттық банкі өздерін «жеке сот орындаушысы» ретінде таныстырып, «сақтандыру жағдайларын» пайдаланып, жалған құжат жіберу арқылы алдайтын алаяқтардың жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Банктің хабарлауынша, қаражат жымқыруды көздейтін қаскөйлер өздерін жеке сот орындаушысы ретінде таныстырып, азаматтарға жалған құжаттар жібереді. Онда Ұлттық банкте азаматтарға тиесілі «жеке ашық және сақтандырылған шот» бар деп алдайды. Сол үшін жәбірленуші тарап ретінде азаматтарға ақшалай өтемақылар төленеді деген сылтаумен кейін «Ұлттық банк қаражатынан» өтеледі деп сақтандыру жарнасын енгізу керектігін алға тартады.

– Азаматтарға мемлекеттік органдардағы «уәкілетті тұлғалардың» немесе жеке сот орындаушысының қолы мен аты-жөні жазылған және мөр басылған жалған құжаттарды көрсетеді. Мұндай «растаушы құжаттар» азаматтарды үшінші тұлғаға ақша аударуға сендіру үшін көрсетіледі, – деп мәлімдейді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын ескертеді.

Кеңес алу үшін Ұлттық банктің 1477 қысқа нөмірлі байланыс орталығына хабарласуға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив