Ұлттық Банк қызметкерімін деп хабарласатын алаяқтар шықты
pixabay.com
Азаматтарға «Сіздің шотыңыз бұғатталған, мен Ұлттық Банктің өкілімін» деп хабарласатындар пайда болды.
Бұл алаяқтардың ісі екенін ескертеді Ұлттық Банк, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Егер сіз осындай хабарлама алған болсаңыз, мүлдем жауап бермеңіз. Бұдан бөлек, алаяқтар сізге қоңырау шалып, электронды поштаға хат жолдауы мүмкін. ҚҰБ жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейтінін еске салады. Жалған құжаттар мен ақша аударымдары туралы сұрауларға сенбеңіз, - деп ескертеді Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.
Егер сіз алаяқтық схемаларға тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Кеңес алу үшін 1477 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Оқи отырыңыз