KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Банк шоты мен карта нөмірін тіпті полицияға да беруге болмайды

pexels.com

25.03.2024, 19:30 138 Назерке Каримова

Соңғы уақытта азаматтарға полиция қызметкері болып хабарласатын алаяқтар шыққан.

ШҚО ПД халыққа алаяқтардың арбауына түспеуді ескертеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Соңғы уақытта танымал мессенджерлер арасында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жауапты тұлғаларының атынан жалған ақпарат таратылуда, онда азаматтардан банк шоттары мен карта нөмірлері туралы ақпарат беру талап етіледі, - деп ескертті ШҚО ПД.


Полиция департаменті бұл әрекеттер заңсыз және жалған ақпарат деп хабарлайды. Қазіргі уақытта құқық бұзушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

- Сіздерден жалған ақпаратқа сенбей, қырағы болуды сұраймыз. Жеке деректерді ешкімге бермеңіз. Қолма-қол ақшаны шоттарға аудармаңыз, - деді тәртіп сақшылары.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу