Астана – Сеул әуе рейсі қайта жанданады
Фото: catherineasquithgallery.com
«Air Astana» Астанадан Сеулге әуе рейстеріне билеттерді сатылымға шығарды. Рейстер алдағы 15 маусымнан бастап аптасына екі рет Аirbus A321LR ұшағымен орындалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
– Астанадан Сеулге рейстерді әуекомпания 2015 іске қосып, коронавирустың өршуіне байланысты 2020 жылы тоқтатты, – делінген аталған әуе компаниясының хабарламасында.
Әуетасымалдаушысы биыл жазда Алматыдан Ташкентке ұшу жиілігі аптасына 14 ретке, Бішкекке аптасына 8 ретке, Тбилисиге аптасына 9 ретке, Душанбеге аптасына 4 ретке, Бакуге аптасына 3 ретке дейін ұлғаятынын еске салды.
Оқи отырыңыз