Жүргізуші куәлігін алу қиындай түспек

Фото: depositphotos.com
Енді емтихан тапсыру барысы онлайн трансляция арқылы бақыланады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.
Биыл жолда жүру ережелерін бұзудың 3,5 миллион фактісі тіркеліп, 8 мыңға жуық мас жүргізуші ұсталды. Олардың бәрі сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылған. Спикер сөзінше осындай заң бұзушылыққа автомектептерге қойылатын талаптың төмендігі де әсер етеді.
Сонымен қатар енді жүргізушілер өз бетінше емтиханға дайындала алмайды, міндетті түрде автомектепте оқуы қажет.