KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Бүгін жаңа 10 мың теңгелік банкнот айналымға шығады

Фото: nationalbank.kz

28.06.2024, 09:53 58 Ержан Әбіш

28 маусымнан бастап жаңа дизайндағы 10 мың теңгелік банкнот айналымға шығады – жаңа банкнот 2012 жылғы үлгілерді алмастырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналысы департменті жобасының бас дизайнер-маманы Санжар Нұрқасымовтың сөзінше, жаңа банкнот қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.

– Бұл – біздің бесінші серия. Біз портреттен бастадық, ол кезде әлемде ешкім қазақтың кім екенін білмейтін, біз үшін сыртқы келбетімізді, кіммен мақтанатынымызды көрсету маңызды еді. Сондықтан банкноттарда көрнекті саяси және мәдениет қайраткерлері бейнеленген. Одан әрі әл-Фараби, Бәйтерек, Қазақ елі сериялары, енді міне сақ стиліне келдік, – дейді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің бас дизайнері Санжар Нұрқасымов.

Айтуынша, «Қазақ елі» (немесе Самұрық) сериясының банкноттары 2011 жылдан бері айналымда, ал соңғы 12 жылда банкноттардың қорғаныс элементтері тозған.

– Технология бір орында тұрмайды және алға жылжиды, жалған ақша жасаушылар да бос отырмайды, олар элементтерді дайындайды. Тіпті, кейбір жалған элементтер сәтті шығуы мүмкін. Сондықтан әлемдік тәжірибеде жалған ақша жасаудың алдын алу үшін әрбір 7-8 жыл сайын банкноттардың дизайны өзгеріп, жаңасы енгізіліп отырады. Мұнда жаңа технологиялар қолданылады, – деді ол.

Ескі үлгідегі барлық банкнота екі жылдың ішінде айналымнан біртіндеп алынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив