KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 5 м/с, С
473.95 513.38 5.5

Елімізде орфографиялық комиссия құрылады

Фото: depositphotos.com

11.07.2024, 14:04 133 Ержан Әбіш

Тіл саясаты комитеті «Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже «республикалық орфографиялық комиссия құру және оның қызметін қамтамасыз ету» тармақшасымен толықтырылады. Комитет ғылыми негізделген нұсқада қазақ тілінің орфографиясын әзірлеу және бекіту үшін арнайы орфографиялық комиссия құру қажет екенін алға тартып отыр. Себебі, қазіргі кезеңде қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу – аса маңызды мәселе.

– Бұл міндет Үкіметтің 2023 жылғы 16 қазандағы қаулысымен бекітілген тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 3-бөлімінде көзделген, – делінген негіздемеде.

Құжатқа сәйкес жаңа комиссияның жұмысына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен ғалымдар тартылады.

Құжат 23 шілдеге дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив