KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Қазақстанда республикалық терминологиялық комиссия құрылды

Фото: Zakon.kz

3.04.2024, 20:15 97 Айжанат Бақытқызы

Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 18 наурыздағы Республикалық терминологиялық комиссия құру туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Республикалық терминологиялық комиссия қазақ тілінің экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің барлық салаларында терминологиялық лексикасы бойынша ұсыныстар әзірлейтін және өз қызметін қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган қызметін атқарады.

Республикалық терминологиялық комиссияның құрамына түрлі саладағы білікті мамандар енді, ал төраға Ғылым және жоғары білім вице-министрі болады.

Сондай-ақ комиссия туралы ереже бекітілді. Комиссияның жұмыс органы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті болады.

Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде алты рет өткізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив