Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға тыйым салына ма?
Фото: depositphotos.com
Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға тыйым салына ма? Бұл сұраққа Мәжіліс кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі kz.kursiv.media сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, зейнетақыны алуға тыйым салу туралы ұсыныс қазақстандықтардың жинақтары жеткілікті болуын қамтамасыз ету тұрғысынан жасалған.
Вице-премьер Еңбек министрлігі мен Бірыңғай зейнетақы қоры арнайы есептеулер жүргізуге тиіс екенін айтты.
Журналистер Еңбек министрлігі сарапшылардың ұсынысын қолдағанын атап өтті. Бұл пікірге Тамара Дүйсенова жауап берді.
Еске сала кетсек, Үкімет кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова сарапшылар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражатты мерзімінен бұрын алуға тыйым салуды ұсынғанын айтты. Өз кезегінде министрлік бұл ұсынысты қолдап отыр.