Жүргізушілер трассаларда тегін көмек алуға құқылы
Фото: depositphotos.com
Автокөлік иелері республикалық маңызы бар жолдарда ҚазАвтоЖолдан тегін көмек ала алады. Егер көлік қандай да бір себептермен жүрмей қалса, оны сүйреп, жақын маңдағы эвакуатордың нөмірін айтып, тіпті, кішігірім жөндеу жұмыстарына көмектеседі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Көлігінде техникалық ақаулар пайда болған жүргізуші 1403 тегін нөміріне қоңырау шалуы керек. Операторлардан ақылы жолдармен жүру құнын және қазіргі уақытта трассаның ашық немесе жабық екенін білуге болады.
Компания сұраныстың төмендігіне байланысты эвакуатор қызметін көрсетпейді, яғни, арнайы қызметкердің толық жүктемеде жұмыс істеуіне қажеттілік жоқ.
ҚазАвтоЖол – жалпы ұзындығы 25 мың шақырым болатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор.
Ол аталған автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді, күтіп ұстауды және трассалар бойындағы қызмет көрсету объектілерін дамытуды бақылау функцияларын атқарады, сондай-ақ ақылы қозғалысты ұйымдастырушы болып табылады.