Мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде – Қаржы министрлігі
Фото: depositphotos.com
Мәжілісте «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымынан кейінгі баспасөз мәслихатында Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде екенін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform порталына сілтеме жасап.
– Мемлекеттік қарыздың қазіргі деңгейі қауіпсіз шамада тұрды. Бізде мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы бар және онда қарызды реттеу бойынша тиісті қадамдар ескерілген. Егер осында белгіленген межеден асып түссе, онда қауіп болуы мүмкін. Атап айтқанда, қазіргі көрсеткіштер қауіпсіз деңгейде тұрғанын айта аламын, – деді А. Бейсенбекұлы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге шығыстар 2,5 трлн теңге сомасында жоспарланып отыр.
Осыған дейін 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш жалпы ішкі өнімге шаққанда 22,8 пайызды құрағаны айтылған еді.
Оқи отырыңыз