KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Шенеуніктердің айлығына жылына 1 трлн теңге жұмсалады

20.03.2024, 21:12 127 Жанаргүл Мұқатай

Қаржы министрі Мәди Тақиев шенеуніктердің жалақысына ел бюджетінен жылына қанша ақша бөлінетінін айтты.
Үкіметтегі брифинг барысында журналистер Мәди Такиевтен мемлекеттік аппаратты ұстауға жылына  бюджеттен қанша  қаражат жұмсайтынын сұрады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

– Мен бүкіл мемлекеттік аппараттың жалақысы бойынша айта аламын. Онда бүкіл мемлекеттік аппараттың жалақысына жылына 1 трлн 32 млрд теңге сомасы құрайды, - деп жауап берді министр.

Сондай-ақ, журналистер Такиевтен елдің мемлекеттік аппаратын қысқарту жоспарланып отыр ма деп сұраған. Өйткені 10 жыл ішінде Қазақстанда министрліктер саны 12 -ден 21-ге дейін, вице-премьерлер саны үштен алтыға дейін, ал министрліктердегі комитеттер саны 30-дан 57-ге дейін өскен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу