Мектеп оқушыларын интернетте алаяқтар қалай алдайды?
depositphotos.com
Қазақстанда әр бесінші ата-ана баласымен желідегі қауіпсіздік ережелерін талқыламағаны белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Іnformburo.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда әр оныншы ата-ана баласына интернетте табыс табу схемасын ұсынған жағдайларды білетінін «Касперский зертханасы» жүргізген сауалнама көрсетті. Бұл сауалнамаға 1001 адам қатысқан.
Балаларды алаяқтардан қорғау үшін оларға интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажет. Мысалы, интернетте өздері туралы көп ақпарат жарияламау және күмәнді бейтаныс адамдармен байланыспау керек. Алайда, мұны барлық ата-ана орындамайды: әр бесінші ата-ана баласымен интернеттегі қауіпсіздік ережелерін талқыламаған.
Балаларды интернеттегі қауіпсіздікте сақтау үшін ата-аналарға мынадай шараларды орындау қажет:
- барлық аккаунттарына кіру үшін сенімді құпиясөздер орнатуға баласына көмектесу. Құпиясөз комбинациялары кемінде 12 таңбадан тұруы тиіс: бас және кіші әріптер, сандар мен арнайы белгілер;
- екіфакторлы аутентификацияны қолдайтын қызметтерде баласымен бірге оны орнату;
- жеке деректерін қажеттілік туындамаған жағдайда жарияламауға және күмәнді ресурстарға енгізбеуге үйрету;
- ата-ана бақылауына арналған арнайы бағдарламаларды қолдану;
- баланың қолданатын барлық құрылғыларына сенімді қорғаныс шешімін орнату.