KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3,6 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Құтқарушылар лагерьдегі балаларды оқытады – ШҚО

Фото: gov.kz

22.06.2023, 10:32 241

ШҚО ТЖД құтқарушылары облыс аумағындағы демалыс лагерьлерінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге қатысты ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Жаз мезгілінде аймақта 19 лагерь жұмыс істемек.

Ұлан ауданының ТЖ бөлімінің мамандары мен ШҚО ТЖД құтқарушылары "Үміт" балалар үйінің балалары демалатын лагерьде "қауіпсіздік эстафетасын" ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Балалар төтенше жағдайлардағы іс-әрекет дағдылары мен ережелерін игеру үшін кедергілерден өтіп, өрт сөндірді. Сонымен қатар балалар құтқарушылардың сенімді серігі «Хит» атты итпен ойнады.

Шара барысында балалар қауіпсіздік ережелері тақырыбына арналған сурет салып, табиғи өрттің алдын алуға және өртпен күресуге арналған жұмыстар туралы ақпаратқа қанықты.

– Барлық өрт сөндірушілер – нағыз батырлар. Олар біздің табиғатымызды сақтап, адамдарды өрттен қорғауға көмектесті, – дейді Данил Войтенко.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив