KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Оқушылар каникулы: Демалысты қалай өткізу керек?

depositphotos.com

21.10.2024, 17:30 91 Ержан Әбіш

Елімізде оқушылар I тоқсандағы соңғы оқу аптасын бастады. Келесі дүйсенбіден, яғни 28 қазаннан бастап мектеп оқушылары каникулға шығады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мектептерінде I тоқсан аяқталуға жақын. Күзгі каникул кезеңі 28 қазан мен 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.

Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады. Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды. “Балалар кітапханасы” жобасын іске асыру шеңберінде “Демалыста кітап оқимыз” мектепішілік іс-шарасы, “Буллингтен қорған!” қауіпсіздік сабағы, мектеп оқушылары үшін “Күзгі асар” жәрмеңкесі, мектеп театрын ұйымдастыру ұсынылады, - деді Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің басқарма басшысы Алтай Рахимберлин.

Ол ең бастысы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керегін атап өтті. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшедегі қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыныс ретінде жолданады.

Балалардың каникулы төмендегідей болатынын еске сала кетейік:

ІІ тоқсан – сегіз оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн, 2024 жылғы 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда.

ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн, 2025 жылғы 21 наурыздан 31 наурызды қоса алғанда.

Бірінші сыныптарда қосымша демалыстар болады - 7 күн, 2025 жылғы 3 ақпаннан 9 ақпанды қоса алғанда.

IV тоқсан – сегіз оқу аптасы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу