KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсух БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифинг өткізді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
29.10.2024, 11:40 77 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан және Моңғолия Президенттері келіссөздер қорытындысында БАҚ өкілдері алдында бірлескен мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлан-Батырға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Ухнаагийн Хурэлсухқа шынайы ризашылығын білдіріп, бұл сапардың екі ел арасындағы қатынастарға ерекше маңыз беретінін атап өтті.

Президент Тоқаев өз сөзінде Моңғолияның аймақтағы маңызды көршілерінің бірі екенін айтты. Ол екі елдің тарихи, рухани және мәдени құндылықтары ортақ екенін, бұл ынтымақтастыққа берік негіз болып табылатынын атап өтті.

– «Бүгінгі кездесу қазақ тарихында айрықша орын алатын Жошы ұлысының 800 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның екі халық үшін символдық мәні зор. Соңғы жылдары қазақ-моңғол қатынастары қарқынды дамып келеді. Берік татулыққа негізделген ынтымақтастық стратегиялық серіктестікке ұласты. Біз Президент Хурэлсух мырзамен бірге арнайы декларацияға қол қойдық. Бұл құжат екі елдің достығын нығайта түседі және түрлі саладағы тиімді байланыстарды дамытуға тың серпін береді», – деді Мемлекет басшысы.

Келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған мәселелерді талқылап, саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін жаңа қадамдарды белгіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу