Еліміздегі педагогтердің 82,1%-ы – әйелдер
Фото: Жасанды интеллект
Қазақстанның білім беру саласында әйел педагогтердің үлесі айтарлықтай жоғары. Бүгінде 484 788 педагог-әйел білім беру жүйесінде еңбек етеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Олар мектепке дейінгі мекемелерде, орта білім беру ұйымдарында, түзету және қосымша білім беру мекемелерінде, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру саласында қызмет атқарады.
100 750 — мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
334 641 — орта білім беру ұйымдарында;
2 444 — түзету-білім беру ұйымдарында;
13 113 — қосымша білім беру ұйымдарында;
29 025 — техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
3 815 — арнайы білім беру ұйымдарында.
Әйел мұғалімдер білім беру жүйесінің негізін құрай отырып, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбиенің берілуіне зор үлес қосуда. Білім беру саласындағы әйелдердің көптігі олардың балаларға деген мейірімі мен кәсібилігінің көрінісі саналады. Бұл көрсеткіш Қазақстанда мұғалімдік мамандықтың беделі мен маңыздылығын айқындай түседі.
Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігі