KZ
Өскемен
+17°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Мектептерде педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы бекітілді

pixabay.com

31.03.2025, 12:00 243 Төлеуғазы Жансая

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы бекітілді, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ ата-аналар, мұғалімдер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға көмектеседі.

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің міндеттері: 

  • Оқушыларға мамандық таңдауда қолдау көрсету;
  • Кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
  • Кәсіптік бағдарлау іс-шараларын ұйымдастыру;
  • Жұмыспен қамту орталықтары, колледждер және кәсіпорындармен байланыс орнату;
  • Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу