Қазақстанда жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 1000 бейіндік сынып ашылмақ
pexels.com
2025 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды. Бұл шешім жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру және техникалық-кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында қабылданған.
Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру бойынша республикалық жоспарды бекітті. Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі 2025-2027 жылдарға арналған кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың Жол картасын қабылдады.
Жоспар 7 негізгі бағыт пен 70 нақты қадамды қамтиды. Негізгі шаралар:
- Жаңа мамандықтар атласын әзірлеу;
- Кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасын жүзеге асыру;
- Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту;
- Сапалы жұмыс орындарын құру және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру;
- Өңірлерде 1000 бейіндік сынып ашу.
Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, кәсіби бағдарлау жүйесін реформалау оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптарды түсінуге және мамандық таңдауға мүмкіндік береді. Бұл мақсатта:
- Мектептерде кәсіби бағдарлау қызметтері күшейтіледі;
- Оқушылар кәсіби диагностикадан өтеді;
- Жоғары сынып оқушылары колледждер базасында алғашқы жұмысшы мамандықтарын игеруге мүмкіндік алады.
Бүгінде Қазақстанда 772 колледжде жарты миллионнан астам студент білім алуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша:
- Мемлекеттік тапсырыс көлемі 143 мың орынға ұлғайды;
- Студенттердің стипендиясы екі есеге артты.
Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігі