ШҚО-да ең көп зейнеткерлер қайда тұрады?
Gov.kz
«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы облыс бойынша аудандарда тұратын зейнеткерлер саны рейтингін жасады. Статистика 2025 жылдың ақпан айының басында жаңартылған деректерге негізделген.
Рейтингке сәйкес, топ-3 құрамына Алтай, Глубокое аудандары және Риддер қаласы кірді. Сонымен, зейнеткерлердің көпшілігі Алтай ауданында тұрады-14 753 адам. Екінші орында Риддер қаласы тұр-11 245 адам. Рейтинг үштігін 11 159 зейнеткері бар Глубокое ауданы аяқтайды.
Зейнеткерлер саны ең аз Марқакөл ауданында – 1385 адам, Катонқарағай ауданында-1967 және Үлкен Нарын ауданында – 2225 адам.
Ресми деректер бойынша Қазақстанда 2 млн 400 мыңнан астам зейнеткер бар. 2025 жылы жалпы негізде зейнетке шығу жасы 63 жасты, әйелдер-61 жасты құрайды. 2028 жылдан бастап ҚР заңнамасы негізінде әйелдер үшін зейнеткерлік жас жыл сайын 6 айға ұлғаяды. Мұндай өсім 2031 жылға дейін, ең жоғары шекті деңгейге жеткенге дейін 63 жасқа дейін болады.
Семей полигонының радиациялық тәуекел аймақтарында 1949-1963 жылдар аралығында кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың ертерек зейнетке шығуға құқығы бар: ерлер-50 жаста, әйелдер-45 жаста.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің азаматтарына зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 10 күн бұрын ХҚКО-ға жүгіну қажет.