KZ
Өскемен
+16°
гроза жел 4 м/с, В
515.03 584.82 6.24

Қазақстанда ауа сапасы нашарлаған қалалар саны азайды

pixabay.com

8.04.2025, 09:00 161 Төлеуғазы Жансая

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны еліміздің қалаларындағы ауа сапасына қатысты кезекті болжамын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2025 жылдың 8 сәуіріндегі деректерге сәйкес, еліміздің бірде-бір қаласында ауаның ластану деңгейі күтілмейді. Тек Ақтөбе қаласында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың туындауы болжанып отыр. Бұл жағдай атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әкелуі мүмкін.

Сарапшылардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл ауада ластаушы заттардың жиналуына себеп болатын қысқамерзімді метеофакторлар жиынтығы. Олардың қатарына тымық ауа райы, баяу жылдамдықтағы жел, тұман және инверсия жатады.

Мамандардың айтуынша, соңғы күндері еліміз бойынша ауа сапасының тұрақтылығы байқалады. Бұл — экологиялық жағдайдың жақсаруына оң ықпал ететін маңызды көрсеткіштердің бірі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу