KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, Ю
512.34 582.07 6.31

Мемлекет басшысы: Әр азаматымыздың жаны таза, қолы мен ісі таза болса, озық ойлы ұлтқа айналамыз

Фото: Ақорда

14.04.2025, 12:00 162 Төлеуғазы Жансая

Президент Шымкент қаласына жасаған іссапары барысында "Таза Қазақстан" акциясына айрықша тоқталып, бұл жоба аз уақыт ішінде бүкіл елді біріктіріп, жалпыұлттық сипатқа ие болғанын атап өтті, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

– Осы бастамаға шымкенттік ағайын да белсене атсалысып жатыр. Былтыр қалада 200-ден астам аула мен қоғамдық орын тазартылды, 200 мыңнан астам ағаш отырғызылды. "Таза Қазақстан" айналаны тазалаумен немесе сенбілікке шығумен шектелмейді. Оның ауқымы және мағынасы өте кең. Тазалық дегеніміз – ең алдымен, ішкі мәдениеттің өлшемі. Еліміздегі әр азаматтың жаны таза, қолы мен ісі таза болса, шын мәнінде озық ойлы ұлтқа айналамыз. Осы маңызды істе Шымкент қаласы өзінің "шырайлы" деген атына сай болып, көш бастауы керек. Елімізде заң мен тәртіп біржола үстемдік құруға тиіс. Бұл – мән-мағынасы ерекше мақсат. Бауыржан Момышұлының "Тәртіпке бас иген құл болмайды" деген сөзі ешқашан маңызын жоғалтпайды. Заңды сақтап, тәртіпке бағына білсек, мақсатымызға жетеміз, кез келген дағдарысты еңсере аламыз. Қазіргі бұлыңғыр заманда елімізге заңға негізделген тәртіп ауадай қажет. Заңды бұзған азаматтарды міндетті түрде жауапқа тарту керек. Басқа жол жоқ. Осылайша, әділетті, қауіпсіз, қуатты және таза Қазақстанды құрып, өркендеген ел боламыз, – деді Мемлекет басшысы. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу