"Таза Қазақстан": 2024 жылы республикада 1,6 миллион ағаш отырғызылды
pexels.com
Үкімет сайты 2024 жылғы даму қорытындылаған кезекті материалында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" акциясының нәтижелеріне шолу жасады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"Таза Қазақстан" акциясы еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Ол еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады.
"Осы жылдың наурыз-қараша айлары аралығында ұйымдастырылған акция 5,83 млн-нан астам адамның басын біріктірді, бұл – ел халқының едәуір бөлігін құрайды. Іс-шаралар аясында жаппай сенбіліктер өткізілді, олардың барысында 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жиналып, 1,6 млн-нан астам ағаш отырғызылды. Мемлекеттік құрылымдар деңгейінде де, еріктілер мен жеке ұйымдарды қоса алғанда, жұртшылық арасында да белсенді түрде жұмыс жүргізілді", – делінген Үкіметтің хабарламасында.
Оқи отырыңыз
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді«Таза Қазақстан»: экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған қадамдар«Таза Қазақстан»: Экологияны қорғауда мемлекет пен қоғамның ынтымақтастығыШҚО-дағы елді мекендердің бірінде "Таза Қазақстан" акциясы өтті«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері ШҚО-да 55 мыңнан астам көшет егілді