KZ
Өскемен
+28°
переменная облачность жел 9 м/с, Ю
515.03 584.82 6.24

«Таза Қазақстан»: Риддерде «Үздік аула» байқауы өткізіліп жатыр

pexels.com

10.04.2025, 12:30 194 Әбішев Ержан

Риддер қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында екі айлық сенбілік басталды. Бұл маңызды шараға жастар, спортшылар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер мен қала тұрғындары белсене қатысып, қаланы таза әрі әдемі ету үшін күш біріктіріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Акция барысында қаланың әртүрлі аумақтары мен саябақтар тазартылды. 30-дан астам техника жұмылдырылып, жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді. Бұл сенбілік тұрғындардың қалалық ортаға деген жауапкершілігін арттырып, ұжымдық еңбек арқылы ортақ мақсатқа жетуге бағытталған үлкен қадам болды.

Бұған қоса, Риддерде «Үздік аула» байқауы өткізілуде. Байқаудың жүлде қоры рекордтық 20 миллион теңгені құрайды! Бұл қаражат аумақтарды абаттандыруға және ойын алаңдарын орнатуға бағытталады. Мұндай қолдау әрбір азаматты өзінің ауласын күтіп-баптауға, үйлерінің айналасын таза ұстауға ынталандырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу