KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
502.27 597.15 6.57

Шығысқазақстандық оқушы Орталық Азияда информатикадан үздік деп танылды

14.05.2025, 11:30 432 Гульжан Мусина

Ташкентте өткен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Өскемендегі “Білім-инновация” лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді информатика пәнінен алтын медаль иеленіп, Орталық Азия бойынша үздік қатысушы атанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Олимпиада 7–13 мамыр аралығында өтіп, оған тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушы қатысты. Алдияр Амангелді өз бағытын дәл тауып, ерекше білім-білігін дәлелдей алды.

Қазақстан құрамасы бұл олимпиадада 100 пайыздық нәтиже көрсетіп, барлық алты оқушы да жүлделі орыннан көрінді:

  • Алдияр Амангелді – Өскемен, «Білім-инновация» лицейі, 9-сынып
  • Әли Мендеке – Семей, «Білім-инновация» лицейі, 9-сынып
  • Мейірбек Мұрат – Орал, НЗМ, 9-сынып
  • Медеу Жұбатыров – Ақтау, «Білім-инновация» лицейі, 8-сынып
  • Айдайбек Абдурахман – Тараз, «Білім-инновация» лицейі, 9-сынып
  • Нұрислам Дүйсенғали – Алматы, РФММ, 9-сынып

Жас зияткерлерді халықаралық сайысқа Ибрагим Ибатулин мен Жамбыл Максотов дайындаған.

Айта кетейік, Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының ғылымға деген қызығушылығын арттыру, математика мен информатиканы кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Өткен жылы қазақстандық команда бұл байқаудан 4 медаль алып қайтқан болатын.

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу