Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделі оралды
Александрияда информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы аяқталды.
90 елден келген 350 қатысушының арасында Қазақстанның құрама командасы үш күміс және бір қола медаль иеленді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Максим Цой — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
Мансұр Таймас — Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Назар Серазитдинов — Алматы қаласындағы мектептің 11-сынып оқушысы;
Ахмет Иса — Қызылорда облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері: Темірлан Сатылханов — ACM бас бапкері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы; Айбар Қуанышбай — IITU магистранты, республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.
Бұл жетістікпен қазақстандық оқушылар биылғы жеті беделді халықаралық олимпиадаларға қатысуын қорытындылайды. Біздің құрама командалар IMO (математика), IPhO (физика), IBO (биология), IChO (химия), IOL (лингвистика), IGeO (география) және IOI (информатика) қатысып, нәтижесінде 26 медаль және 1 грамотаға ие болды.