KZ
Өскемен
снег жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Төрт қазақстандық оқушы информатикадан халықаралық олимпиадаға аттанды

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

4.09.2024, 15:06 111 Айжанат Бақытқызы

Египетте 1-8 қыркүйек аралығында информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы өтеді. Оған 90 елден 350 оқушы қатысады. деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Қазақстан құрамасының қатарында: 
Максим Цой – Алматы қ. РФММ 10 сынып оқушысы; 
Ахмет Иса – С. Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» Қызылорда облыстық лицей-интернатының 10 сынып оқушысы; 
Назар Серазитдинов – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы; 
Мансұр Таймас – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Қатысушылар әрқайсысы 5 сағатқа созылатын екі турда бақ сынайды. Халықаралық жарыстарға дайындық үшін қазақстандық оқушылар бұған дейін жетекші университет базасында оқу-жаттығу жиындарынан өткен болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу