Премьер-министр: «Батыс өңіріндегі балаларға еліміздің шығыс аймақтарын көріп-білу қызықты болмақ»

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов балалар туризмін дамытуға ерекше назар аударды. Ол туризм және спорт министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, оқушылардың еліміздің түрлі аймақтарындағы тарихи-мәдени орындарға баруын ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігіне демалыс кезеңінде балалардың мұражайларға, театрларға, қорықтарға, ұлттық саябақтарға тегін баруын қамтамасыз ету тапсырылды.
Бұл бастама өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, еліміздің тарихи және табиғи байлығын таныту, сондай-ақ өңіраралық байланыстарды нығайту мақсатында қолға алынып отыр.