KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 1 м/с, С
515.02 604.22 6.5

Қазақстандық оқушылар әлемдік IMO-2025 олимпиадасында 6 медаль еншіледі

21.07.2025, 10:00 234 Гульжан Мусина

Қазақстан құрамасы халықаралық деңгейдегі зияткерлік жарыстарда табысты өнер көрсетуді жалғастыруда. Биыл Аустралияда өткен Математикадан халықаралық олимпиадада (IMO-2025) отандық жас математиктер алты бірдей медаль еншіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Әлемнің 112 елінен жиналған 650-ге жуық дарынды оқушы бақ сынаған бұл байқауда Қазақстан құрамасы төрт күміс, екі қола медальмен елге оралмақ. Бұл — біздің оқушылардың білім мен логикаға негізделген бәсекеде жоғары деңгейде өнер көрсеткенінің дәлелі.

Күміс медаль иегерлері:

Мирон Юркевич — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы;

Амирлан Аманжолов — Haileybury Almaty, 11-сынып;

Марғұлан Шарел — Астанадағы Spectrum International School, 11-сынып;

Амир Сахипов — Алматыдағы РФММ мектебі, 11-сынып.

Қола медаль иегерлері:

Ерасыл Алтынбек — Алматыдағы Nurorda мектебінің 10-сынып оқушысы;

Ерқанат Кеншілік — Ақтөбе облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың ғылыми жетекшілері — PhD докторы Асылбек Исахов пен халықаралық олимпиадалар жеңімпазы Канат Сатылханов. Олар жас таланттарға бағыт-бағдар беріп, білімін тереңдетуге зор үлес қосты.

Олимпиаданың басты мақсаты — дарынды жастарды ғылым жолына ынталандыру, логикалық ойлау мен шығармашылық қабілетті дамыту. Қазақстандық оқушылардың бұл жетістігі — отандық білім жүйесінің әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу