KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Қазақстандықтарға 2 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді

pixabay.com

24.07.2025, 08:00 213 Айдос Мырзахметов

Бүгінде елімізде 2 миллион 489 мың зейнеткер бар. Олардың ай сайын алатын жиынтық зейнетақысының орташа мөлшері – 143 529 теңге. Бұл соманың ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 912 теңге, ал базалық зейнетақы – 47 617 теңге, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында зейнеткерлерге жалпы сомасы 2 триллион 98,6 миллиард теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде 678,7 миллиард теңге – базалық зейнетақыға, ал 1 триллион 419,9 миллиард теңге – ынтымақты зейнетақыны төлеуге жұмсалған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғарысы – 120%-ға дейін кезең-кезеңмен ұлғайтылады.

Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін арттырылды (32 360 теңге). Ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 105%-нан 110%-ға дейін көбейіп, 50 851 теңгені құрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу