Қазақстанда мал азығын өндіретін ірі зауыт салынады
stock.adobe.com
Қазақстан мен Мажарстан арасында жасалған келісімнің нәтижесінде елімізде мал шаруашылығына қажетті премикс өндіретін алғашқы зауыт салынатын болды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жоба Алматы облысында жүзеге асады. Жылына 48 мың тонна премикс өндіретін зауыттың құрылысын KazFoodProducts компаниясы венгриялық UBM Group холдингімен бірлесе атқарады.
Бүгінде Қазақстандағы премикстердің көбі сырттан әкелінеді. Бұл отандық шаруалардың жұмысын қиындатады. Жаңа зауыт шетелге тәуелділікті азайтып, ішкі нарықты тұрақты өніммен қамтамасыз етуге көмектеседі.
Ал UBM Group компаниясының басшысы Петер Хорват бұл жобаның – компанияның Қазақстандағы алғашқы тәжірибесі екенін айтты:
Жобаны іске асыру арқылы еліміздің агроөнеркәсіптік саласы заманауи технологиялармен дамып, азық-түлік қауіпсіздігі де арта түспек.