KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
501.28 526.19 5.86

Елімізде жаңбырлатып суару машиналары шығарылады

pexels.com

Бүгін, 18:00 69 Төлеуғазы Жансая

ADAM компаниялар тобы 2024 жылы "SU BEREKE" брендімен бірінші отандық жаңбырлатып суару машиналарын өндірді. Былтыр СТ-KZ сертификаты және ЕАЭО сәйкестік сертификаты алынды. 30 машина өндірілді, олардың 7-уі Шығыс Қазақстан облысында жинақталды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылы ADAM машиналардың жаппай өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Бірінші тоқсанда «SU BEREKE» маркалы жаңбырлатып суару машиналарын өндіретін екінші зауыт Шығыс Қазақстан облысында іске қосылмақ.

Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 1000 жаңбырлатып суару машинасына дейін жетеді. Осылайша, бұл жоба шетелдік техника өндірушілеріне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ кепілдік және сервистік қызмет көрсету қарастырылған.

Өнім сондай-ақ Орталық Азия мен ТМД нарықтарына бағытталатын болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу