Қазақстанда алғаш рет вольфрам өңдейтін зауыт ашылды
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Алматы облысында вольфрамды қайта өңдейтін Қазақстандағы алғашқы зауыт ашылды, де хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ақпаратына сүйенсе, бұл отандық тау-кен өндірісі үшін тарихи оқиға, ол еліміздің әлемдік сирек металдар нарығындағы позициясын нығайтады.
Жобаның құны 300 млн доллар және халықаралық экологиялық әрі өндірістік стандарттарды ескере отырып жүзеге асырылды.
Зауыт жергілікті мамандар үшін 1 000-ға дейін жұмыс орнын қамтамасыз етеді және жобалық қуатына шыққанда жылына 3,3 млн тонна руданы қайта өңдеп, үлесі 65 пайыз вольфрам концентратын шығарады.