KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

Президент қазақ тазысының халықаралық жеңісімен құттықтады

10.08.2025, 17:39 214 Төлеуғазы Жансая

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кинологтар одағын қазақ тазысының халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтады.

Хельсинкиде өткен World Dog Show 2025 дүниежүзілік көрмесінде қазақ тазысы алғаш рет әлемге ресми түрде таныстырылып, жүлделі орындарға ие болды.

Мемлекет басшысы бұл қуанышты жаңалыққа орай Қазақстан кинологтар одағына арнайы құттықтау жеделхатын жолдап, қазақ тазысының ұлттық қазына әрі мақтаныш екеніне назар аударды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу