KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Қазақ тазысы патенттелді

Фото: Qazpatent

Бүгін, 11:00 52 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанның ұлттық мәдени мұрасы – қазақ тазысы ресми түрде патенттелді. Бұл мәртебе «Қансонар» аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығына берілді. Бұл туралы Qazpatent ұлттық зияткерлік меншік институты мәлімдеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі kaz.inform.kz порталына сілтеме жасап.

«Қансонар» қоғамдық бірлестігі 2013 жылы тіркеліп, қазақ тазысы мен төбеттің ұлттық тұқымдарын сақтау және көбейту бойынша жауапкершілік алған. Қазақстанның әр өңіріндегі питомниктерде қатал табиғи-климаттық жағдайларға бейімделген жаңа тазы тұқымы өсірілді. Бұл жұмыс ұлттық аңшылық дәстүрлерді сақтап, таратуға бағытталған.

2021-2023 жылдары генетика институтымен бірлесе отырып, қазақ тазысының генетикалық ерекшеліктері зерттелді. Қауымдастық ДНҚ-профильдерін жасап, генетикалық материал жинады. Зерттеу нәтижесінде тазының жоғары жүйке қызметінің тұрақтылығы мен ерекше бейімділігі анықталды.

Селекциялық жетістікке патент ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік комиссиясының қорытындысы негізінде берілді. Қазақ тазысы генетикалық тұрақтылығы мен ерекшеліктерін дәлелдеді. Оның жүйке жүйесі мен жүгіру қабілеті басқа тұқымдардан жоғары екені айқындалды.

«Қансонар» қауымдастығы жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейде қазақ тазысының асыл тұқымды байқауларын өткізеді. Мұндай шараларда иттердің стандарттарға сәйкестігін анықтау үшін сарапшылардың қорытындылары беріледі. Тазы иттері кез келген климаттық жағдайда жоғары бейімделгіштігімен ерекшеленеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы қазақы тазы мен төбетті сақтау жұмыстарын қолға алуды тапсырған болатын. Бұл тапсырма ұлттық құндылықтарды қорғау мен дамыту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу