KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, С
504.49 587.73 6.57

Еңбек инспекторлары биыл 33 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

gov.kz

10.09.2025, 15:00 229 Арайлым Орсаринова

Қазақстанда биылғы жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 33 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қыркүйек айының басында жүргізілген тексерулер нәтижесінде еліміздегі 257 кәсіпорында 3,7 мыңнан астам жұмыскерге 1,4 млрд теңге жалақы берешегі бары анықталды. Осыған байланысты жұмыс берушілерге 2 602 ұйғарым беріліп, 332 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың арқасында 3 437 жұмыскерге 1,2 млрд теңге қарыз өтелді.

Жалпы, жыл басынан бері еңбек құқығы саласында 4 706 заңбұзушылық тіркелген. Оның ішінде:

  • еңбек қатынастарына қатысты – 3 965,
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 721,
  • халықты жұмыспен қамту саласында – 20 бұзушылық.

Министрліктің мәліметінше, еңбек заңнамасының сақталуы ерекше бақылауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу