ІІМ: Алаяқтардың ең көп қолданатын 10 айласы
stock.adobe.com
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды телефон және интернет алаяқтарының айла-тәсілдерінен сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Көбіне алаяқтар мынадай сценарийлерді қолданады:
- «Ақшаңызды сақтау үшін басқа шотқа аударыңыз» – жалған қауіп тудырады.
- «Сізбен ІІМ немесе ҰҚК қызметкері сөйлесіп тұр» – беделге сүйеніп, қысым жасайды.
- «Бұл қоңырау туралы ешкімге айтпаңыз» – жәбірленушіні оқшаулайды.
- «Кілт сөзді өзгертуге өтінім түсті» – шотқа қолжетімділіктен айырады.
- «Қауіпсіздік қызметіненбіз, келген кодты жіберіңіз» – SIM-карта немесе банк жүйесін ұрлау.
- «Депозиттегі қаражатты банк шотына аудару қажет» – ақшаны өздеріне аудартады.
- «ҰҚК қызметкеріміз, карта деректерін беріңіз» – барлық мәліметті жинап, ұрлық жасайды.
- «Жақыныңыз қиын жағдайда» – эмоцияға беріліп, шұғыл ақша сұрайды.
- «Сіз сыйлық ұтып алдыңыз, бірақ салық төлеңіз» – жалған пайдамен алдайды.
- «Шотыңыздан ақша шешілмек, операцияны тоқтату үшін код жіберіңіз» – құпия кодты алады.
Мұндай қоңыраулардың мақсаты – мобильді қосымшаға қол жеткізу, ақшаны “қорғалған шотқа” аудартқызу немесе TeamViewer, AnyDesk, RustDesk, Hoptodesk, RudeDesktop сияқты қашықтан басқару бағдарламаларын орнатуға көндіру.
ІІМ кеңесі:
- Ешқашан CVV, PIN, картаның толық деректерін, SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз!
- Полиция, банк немесе байланыс операторлары ақша да, код та сұрамайды.
Оқи отырыңыз