KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Полицей Өскемен тұрғынын алаяқтардан құтқарып қалды

Фото: pravda.ru

24.04.2024, 16:04 143 Ержан Әбіш

Ер адамның айтуынша, оған қоңырау шалған белгісіз адам өзін ұялы байланыс операторы ретінде таныстырып, СИМ-картасының мерзімі аяқталғанын және ол бұғатталатынын хабарлаған, – деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Сеніп қалған тұрғын қоңырау шалушыға нөмірді жаңарту үшін жіберілген кодты айтқан. Соңынан телефонға жалған Egov өкілінен оның атына несие рәсімделіп жатқаны туралы қоңырау түскен. Әрі қарай ол нұсқау бере бастаған. Алдымен жәбірленушіден осы несиені алу үшін банкке баруын сұраған. Тек осылай қаскөйдің әрекетін тоқтатуға болады деп сендірген. «Кейін барлық соманы қауіпсіз шотқа аудару қажет, оның деректерін артынан телефон арқылы айтамыз» деген. Ер адам несие рәсімдеп, қолма-қол ақшаны алғаннан кейін алаяқтармен байланысқа шыққан, олар оған әрі қарай не істеу керегін айтқан. Барлық ақшаны алаяқтардың шотына аудару үшін басқа банкке барған.

Алайда алаяқтардың жоспарын полиция қызметкері бұзды. Абырой болғанда осы уақытта банкте полиция капитаны Нұртас Болатов болған. Ол қаскөйлердің телефон арқылы күдікті әңгімесін естіп қалған. Полиция қызметкері бірден азаматқа мұның алаяқтық әрекет екенін түсіндіріп, нұсқаманы орындамауды айтқан.

Осылайша тәртіп сақшысы алаяқтардың жоспарын іске асырмады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив