KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Қайғылы оқиға: Маңғыстауда автобус апатынан қаза тапқандарға көмек көрсетілуде

stock.adobe.com

12.09.2025, 10:00 158 Төлеуғазы Жансая

Маңғыстау облысында 10 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына байланысты Ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ІІМ ресми өкілі, департамент бастығы Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, министр қылмыстық істің тергеу барысын өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта жүргізушінің іс-қимылы, көліктің техникалық жағдайы, маршрут және тасымалдау шарттары тексерілуде.

Белгілі болғандай, жолаушылар қасиетті Бекет-Атаға қажылық сапарға шыққан. Барлығы Қазақстан азаматтары. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілуде.

Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына кешенді көмек ұйымдастыруда. Оның ішінде: қаза болғандардың денесін өңірлерге жеткізу, жерлеу рәсімін өткізуге көмек көрсету, туыстарымен байланыс орнату және сақтандыру мәселелерін шешу бар.

– Ішкі істер министрлігі қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Сонымен қатар барлық жүргізуші мен тасымалдауды ұйымдастырушыларды жолда қауіпті жағдай тудырмас үшін шаршаған күйде рөлге отырмауға, көлікке артық жүк салмауға шақырамыз. Шаршаған жүргізушінің өзі үлкен апатқа себеп болуы мүмкін, – деді Шыңғыс Алекешев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу