KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Семейде жеделсаты құлап, 6 адам жарақат алды

pexels.com

8.05.2024, 23:00 78 Назерке Каримова

Оқыс оқиға бүгін түскі уақытта Әуезов даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған

Сағат 12.30 шамасында Әуезов ПБ кезекші бөлімінің диспетчерінен Әуезов даңғылы, 3 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатысы құлағаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Сағат 11.40 шамасында лифтке 6 адам кіргені анықталды. Рұқсат етілген салмақтан асып кету салдарынан лифт кабельдері үзіліп, кабина шахтаға құлаған, - деп хабарлады Семей қалалық әкімдігі. - Қазіргі уақытта зардап шеккендер Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілуде.


Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив