KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

Елімізде банк саласын реттейтін жаңа заң жобасы әзірленді

depositphotos.com

17.09.2025, 13:30 172 Төлеуғазы Жансая

Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қолданыстағы заң ескіріп, 140 реттен астам өзгергендіктен, банк секторының қазіргі даму үрдістерін толық қамтымайды.

Жаңа құжат банк ресурстарын экономиканы қаржыландыруға тартуды, бәсекелестікті арттыруды, қаржылық технологияларды дамытуды және цифрлық теңгенің құқықтық мәртебесін бекітуді көздейді.

Заң жобасында банктерді лицензиялау, исламдық қаржыландыру, корпоративтік басқаруды жетілдіру, проблемалық банктерді реттеу және қадағалау жүйесін күшейту мәселелері қамтылған.

Жаңа заң жобасы банктерді лицензиялау, корпоративтік басқаруды жетілдіру, исламдық қаржыландыруды дамыту, проблемалық банктерді халықаралық стандарттарға сай реттеу және цифрлық теңгенің құқықтық мәртебесін бекітуді қарастырады.

Сонымен қатар, құжатта цифрлық қаржылық активтерді (ЦҚА) жаңа активтер класы ретінде реттеу енгізілген. Үш түрі айқындалған:

  • стейблкоиндер — ақшамен қамтамасыз етілген цифрлық активтер;

  • базалық активпен қамтамасыз етілген активтер;

  • цифрлық түрде шығарылатын қаржы құралдары (акциялар мен облигациялар).

ЦҚА шығару арнайы цифрлық платформалардың операторлары арқылы жүзеге асырылады. Олар қаржы нарығының жаңа субъектілері болып, Ұлттық банк тарапынан лицензияланатын болады.

Жобаны әзірлеу барысында Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк пен басқа да ұйымдардың ұсынымдары ескерілген.

Құжат қабылданса, банк жүйесінің орнықтылығы артып, ұлттық заңнама халықаралық стандарттарға жақындайды, тұтынушылардың сенімі күшейіп, қаржы секторындағы инновацияларға жол ашылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу