KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
504.34 556.34 5.97

Енді банк карталарын онлайн ашуға тыйым салынады

pexels.com

1.04.2025, 18:00 237 Төлеуғазы Жансая

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, қашықтан қызмет көрсетуге қойылатын талаптар күшейтіледі. Әсіресе, карта иесіне берілгеннен кейін алғашқы үш ай ішінде төлемдер қатаң бақылауда болады.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай шаралар қаржы секторының қауіпсіздігін арттыруға және киберқылмыспен күресуге ықпал етеді. Сонымен қатар, жаңа жоба қаржы нарығындағы заңсыз іс-әрекеттер мен дропперлікке (есірткінің заңсыз айналымы, қаржы пирамидалары мен интернет-казинолардың қызметін ұйымдастыру) тосқауыл қою мақсатында әзірленген.

Аталған құжаттың жобасы 2024 жылғы 14 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу