KZ
Өскемен
-24°
туман жел 1 м/с, СБ
512.16 594.72 6.57

СЭС қызметкерлері алғаш рет кәсіби мерекесін атап өтуде - ШҚО

pixabay.com

16.09.2025, 10:10 238 Төлеуғазы Жансая

Биыл санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары алғаш рет өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Осыған орай саланың үздік өкілдері Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен салтанатты рәсімге шақырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

15 қыркүйекте Қазақстанда санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің күні өтті. Бұл мереке биыл алғаш рет аталып өтіп отыр.

Ал бүгін, 16 қыркүйекте, үздік мамандардың еңбегі ШҚО әкімдігінде атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде республика бойынша 12 мыңнан астам маман халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етеді. Олар ауыз судың, азық-түліктің сапасын, қоршаған ортаның жағдайын қадағалап, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың таралуын болдырмауға күш салады.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу